Кітапхана басшысы
Кітапхана меңгерушісі
Кітапхананы Шамбулова Халида Қамбарбекқызы басқарады. Жоғары оқу орны кітапханасындағы жұмыс өтілі 25 жыл.
2022 ж. бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
1986 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Кітапханатану және библиография» мамандығын үздік бітірген.
Өзінің еңбек қызметін 1986 жылы Шымкент облысының кәсіподақ кітапханасында кітапханашы қызметін атқарды. 2008-2020 жж. аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ақпараттық білім беру орталығында әдіскер, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің сектор меңгерушісі, кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2020 ж. бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапханасында кітапхана меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
2022 ж. бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстан ЖОО кітапханалары, ОҚО білім беру жүйесі кітапханаларының аймақтық әдістемелік бірлестігінің базасында ұйымдастырылған семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға белсене қатысқан.
Кітапханалық-библиографиялық қызметтің басым бағыттары бойынша республикалық кәсіби журналдарда жарияланымдары басылған, оқу құралы және әдістемелік құралдар шығарып, библиографиялық көрсеткіштер құрастырған.