Қызмет көрсету
Қызмет көрсету
Жаңа заман талабына сай оқырмандар үшін қолайлы жағдай жасалып, кітапхананың кітап қорын пайдалануға мүмкіндік берілді.
Кітапхана қызметкерлерінің негізгі мақсаты Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.
Алты оқу залы және бір абонементте оқырмандарға ақпараттық, кітапханалық қызмет көрсетіледі. Оқу залдары мен абонементтің кітап қорында барлық білім салалары бойынша әдебиеттер бар.
Оқырмандарға қызмет көрсету алты оқу залында, сондай-ақ оқу корпустары мен жатақханаларында орналасқан бір абонементте жүргізіледі.
Кітапхананың оқу залдары мен абонементінде оқырмандардың сұраныстарына сәйкес оқу, ғылыми, көркем әдебиет және мерзімді басылымдар беріледі.
Оқу залдары оқырмандардың пайдалануына аз даналы, аса құнды әдебиеттерді, сондай-ақ мерзімді басылымдарды ұсынады.
Кітапханада библиографиялық жұмыстар атқарылады, оның негізгі бағыттары: анықтама-библиографиялық аппаратты ұйымдастыру, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету, оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Кітап қорының мазмұнын ашу мақсатында кітапханаға жаңа түскен әдебиеттер Бюллетені жасалады.
Оқу залдарында кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерді ашық қарау, сондай-ақ оқу залдары мен абонементтегі "Жаңа кітаптар" атты тұрақты түрде жұмыс істейтін кітап көрмесі өткізіледі.
Кітапхананың маңызды жұмыстарының бірі-мәдени-тәрбие жұмысы. Кітапханада атаулы күндерге арналған тақырыптық және ашық кітап көрмелері өткізіледі; өзекті мәселелер бойынша тақырыптық папкалар ұйымдастырылды; бірінші курс студенттері арасында кітапхананы пайдалану ережелері туралы әңгімелер өткізіледі; университетте өткізілетін конференциялар мен семинарларда кітап көрмелерін рәсімдейміз.
Атаулы күндерге орай келесі кітап көрмелері ұйымдастырылды: «Мәңгілік ел» – ұрпақтың мәңгілік болашағы; «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жана саяси бағыты»; «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім», «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі», «Дәуір және тағдыр құрбандары», «Астана – арман қаласы», «Қазақстан жасампаз жетістіктер жолында», «Еліміздің ертеңі – білімді жастар», «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы», «Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық», «Тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Кәсіби білім – кемел келешектің кепілі», «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ», «Ел болашағы – салауатты ұрпақ», «Рухани жаңғыру – еліміздің өркендеу жолы», «Рухани мұра және мәңгілік ел идеясы» және басқалар.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба аясында гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалды.
Кітап оқығанша өмір сүреді, сондықтан ол оқырманның жанында болуы керек. Кітап оқылатын болса өз оқырманының жанында мәңгі жасайды.
Акция мақсаты: университетінің ақпараттық ресурстарын арттыру. Кітапхана өз қорына ғылыми, оқу, анықтамалық, көркем әдебиеттерді мемлекеттік, орыс және өзге тілдерде құрметпен қабылдайды.
Университетінің педагогикалық ұжымы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсене қатысты. Олардың есімі университінің кітапханасының тарихымен әрқашан байланысты. Кітапхана үшін сыйлықтың барлығы маңызды. Бұл кітап өмірін ұзартуға және кітапхананы қолдауға мүмкіндік береді. Қазір университінің кітапханасының қорын толықтырудың маңызды көзі оқырмандар сыйлығы, қайырымдылық көмегі.